Каталониялық "Барселона" ресми сайтында клуб президенті Жоан Лапортаның отставкаға кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешім клубтың жарғысына сәйкес қабылданды - функционер алдағы басшылық сайлауына қатысу құқығына ие болу үшін өкілеттігін уақытша тоқтатты. Сайлау 15 наурыз күні өтеді. Лапорта өз кандидатурасын ұсынатынын және "блауграна" президенті қызметі үшін күресті жалғастыратынын растады.
Отставка директорлар кеңесінің отырысында рәсімделді. Сол жиында сайлау процесінің ресми түрде басталғаны да жарияланды. Бұл - клуб регламентінде қарастырылған, сайлауға қатысқысы келетін қазіргі басшылар үшін стандартты рәсім.
Дауыс беру өтіп, жаңа басқарма құрамы бекітілгенге дейін "Барселонаның" жоғарғы басқару органы жаңартылған құрамда жұмыс істейді. Президент міндетін уақытша атқарушы болып Рафаэль Юсте тағайындалды. Ол өтпелі кезеңде клубты басқаруды қолға алады.