Каталониялық клуб алдағы жазғы трансферлік кезең қарсаңында құрамын қайта бір жасақтауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Diario SPORT басылымының мәліметінше, "Барселона" Алехандро Бальде, Жюль Кунде және Рональд Араухо секілді қорғаушылар бойынша тиімді ұсыныстар түссе, келіссөз жүргізуге қарсы емес. Дегенмен клуб басшылығы бұл футболшыларды төмен бағаға жібермейтінін нақтылап отыр — әрқайсысы үшін қомақты өтемақы талап етіледі.
Команданың бас бапкері Ханс-Дитер Флик қазіргі құрамға сенім білдіреді. Оның пікірінше, аталған үш ойыншы да "Барселонаның" негізгі жоспарына кіреді. Соған қарамастан, қаржылық тұрғыдан тиімді ұсыныс түссе, клуб өз позициясын қайта қарастыруы мүмкін.
Қазіргі таңда клубтан кетуі ықтимал басты үміткер ретінде Алехандро Бальде аталып отыр. 22 жастағы сол қаптал қорғаушысы клуб академиясының түлегі саналады. Оның трансферлік құны шамамен 50 миллион еуродан басталуы мүмкін. Бұл маусымда Бальде барлық турнирде 38 матч өткізіп, үш нәтижелі паспен көзге түсті.
Жалпы турнирлік жағдайға келсек, "Барселона" Ла Лигада сенімді түрде көш бастап келеді. 33 тур қорытындысы бойынша команда 85 ұпай жинап, мадридтік "Реал Мадридтен 11 ұпайға озып тұр.