Футбол
27 тамыз 2020 10:17

"Барселона" жанкүйерлері Мессидің кетуіне байланысты наразылыққа шықты

Сурет: sports.ru
Каталондық "Барселона" жанкүйерлері клубтың "Камп Ноу" стадионы алдына жиналып, наразылықтарын білдірді. 

Олар Хосеп Мария Бартомеудің президент қызметінен кетуін талап етті. Жанкүйерлер аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командадан кететіні белгілі болғаннан кейін ашуға мінген. 

Жиналғандар алдын бөгеген күзетшілердің шебін бұзып, клуб аумағына басып кірген. Дегенмен наразылық бейбіт түрде өтіп жатыр.