"Барселона" жаңа ойыншыны тіркеуге 18 секунд кешігіп қалған

©mlssoccer.com

Футболдағы қысқы ойыншылар ауысымы уақыты аяқталды. Каталонияның "Барселона" клубы "Лос-Анджелес Гэлакси" қорғаушысы Хулиан Араухомен келісімшартты аяқтауға 18 секундқа кешігіп қалған. 

Құжаттар ФИФА-ға бар болғаны 18 секундқа ғана кешігіп жеткен. Команданың спорттық директоры Матеу Алеманидің айтуынша, ойыншыны тіркеуге техникалық ақаулар кедергі келтірген. Енді Халықаралық футбол қауымдастықтары одағынан түсіністікпен қарауды сұрауда. 

Біз компьютердегі ақаулар салдарынан уақытынан кешігіп қалдық, жүйеде қандай да бір қателік болды. Бар болғаны 18 секунд қана, ФИФА қандай шешім қабылдайтынын білмеймін, - дейді Алемани. 

"Барселона" 21 жастағы қорғаушыны уақытша алып, кейіннен сатып алу жайын қарастырған. Transfermarkt бағамымен ойыншының трансферлік құны 6 миллион еуро шамасында. 

Хулиан Араухо Калифорнияда дүниеге келген. Әр жастағы АҚШ құрамасы сапында ойнаған. 2021 жылы азаматтығын ауыстырып, Мексика атынан ойнауға рұқсат алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: