1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 16:30
 
"Барселона" Испания кубогындағы ойсырай ұтылуына қатысты шағым түсірмек

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" Испания кубогындағы ойсырай ұтылуына қатысты шағым түсірмек ©x.com/FCBarcelona

"Барселона" Испания кубогының жартылай финалында "Атлетикодан" 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін Испания корольдік футбол федерациясына (RFEF) ресми шағым түсіру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, каталондық клуб жартылай автоматтандырылған офсайд анықтау жүйесінің жұмысына қатты наразы.

Ең үлкен наразылық Пау Кубарсиге қатысты сәтке байланысты туындады. Төрешілер ол жайтты алты минуттан астам уақыт қарап, нәтижесінде "көк-анарлылардың" голын есепке алмады.

Сондай-ақ, "Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик мадридтік клубтың жартылай қорғаушысы Джулиано Симеонеге қатысты төрешілер шешіміне көңілі толмайтынын білдірді. Каталондық штабтың пікірінше, ойыншы әуелі сары, кейін қызыл қағаз алуы тиіс болған.

Турнирдің жартылай финалындағы қарымта матч 3 наурыз Барселонада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!