1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:51
 

"Барселона" Испания кбуогында тас талқан болды

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" Испания кбуогында тас талқан болды ©Global Look Press

Мадридтің "Атлетико" клубы Испания кубогының жартылай финалында "Барселонаны" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтің "Атлетико" клубы Испания кубогының жартылай финалында "Барселонаны" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Матрасниктер" барлық голды бірінші таймда соғып, каталондық клубты ауыр жағдайға қалдырды.

Қонақтар үшін қорқынышты сәт жетінші минутта басталды - қорғаушы Эрик Гарсия допты өз қақпасына бағыттап алды. Арада бірнеше минут өткенде Антуан Гризманн есеп айырмасын еселей түсті. Тайм ортасына қарай Адемола Лукман есепті ірі нәтижеге жеткізсе, бірінші таймға қосылған уақытта Хулиан Альварес қарсыластың үмітін толық сөндірді - үзіліске дейін-ақ 4:0.

Екінші таймда каталондықтар ойынға қайта оралуға тырысты. Пау Кубарси бір гол соққанымен, VAR жүйесі эпизодты жеті минут бойы қарап, нәтижесінде голды есепке алмады. 86-минутта Эрик Гарсияның алаңнан қуылуы "көк-анарлылар" үшін сәтсіз кештің нүктесін қойды.

Қарымта матч 3 наурызда Барселонада өтеді.

Еске салайық, Испания кубогының қазіргі иегері - "Барселона". Өткен маусым финалында каталондықтар "Реал Мадридті" 3:2 есебімен (қосымша уақытта) ұтқан еді. "Барса" бұл турнирдің ең титулды клубы саналады - 32 трофей. Ал Бильбаоның "Атлетигі" 24 рет, "Реал" 20 рет жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!