"Барселона" Испания чемпионатында көш бастады

Сурет: Football.ua
"Барселона" футболшылары Испания чемпионатының 31-ші турында бильбаолық "Атлетик" командасын ұтты. 

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. 71-ші минутта жалғыз голды Иван Ракитич салды, ал Лионель Месси оған ассист жасады.



Осы ойыннан кейін "Барселона" 68 ұпаймен Ла Лиганың турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Каталондықтардан кейін келе жатқан "Реал" үш ұпай кем жинады, дегенмен, мадридтіктерде алда бір ойын бар. "Атлетик" (42) оныншы орында.