"Барселона" Испания чемпионатын жеңіспен бастады

Дубль авторы Мартин Брейтуэйт. Сурет: futbik.com

"Барселона" Испания чемпионатының бірінші турында "Реал Сосьедад" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 4:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері тіпті 3:0 есебімен алда келе жатқан, алайда, ойын соңына таман екі жылдам гол өткізіп алды. Дегенмен Рональд Куман шәкірттері жеңісті қолдан бермей, қосымша уақытта тағы бір гол салып, анық жеңіске жетті.

Каталондықтар сапында Жерар Пике (19-минут), Мартин Брейтуэйт (45+2, 59), Серхи Роберто (90+1) гол салды. Ал ұтылған командадан Юлен Лобете (82) және Микель Оярсабаль (85) көзге түсті.

21 тамыздағы екінші турда "Барселона" сырт алаңда "Атлетикпен" ойнайды, ал "Реал Сосьедад" келесі күні өз алаңында "Райо Вальеканоны" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport