"Барселона" Хавимен бірінші ойында ұтылды

5 желтоқсан 2021 11:45
©sportarena.com

"Барселона" Испания чемпионатының 16-турында "Бетистен" ұтылды.

"Камп Ноуда" өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 79-минутта Хуанми салды. Бұл каталондық клуб үшін Хавидің қол астындағы бірінші ұтылыс.

Бұл ойыннан кейін "Бетис" 30 ұпаймен турнир кестесінде үшінші, ал "Барселона" 23 баллмен жетінші.

12 желтоқсанда өтетін келесі турда "Барселона" сырт алаңда "Осасунамен", ал "Бетис" өз алаңында "Реал Сосьедад" командасымен ойнайды.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар