Футбол
4 наурыз 2020 15:48

"Барселона" футболшысы мадрид клубпен келісімшартты талқылады

© Footballam
Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Иван Ракитич маусым аяқталысымен басқа клубқа өтуі мүмкін. 

Marca ақпаратынша, 31 жастағы хорват қазірден мадридтік "Атлетикомен" келісіп қойған. 20 ақпанда Ракитич мадридтік команданың агентімен кездесу өткізген. 

Футболшы Ла Лигада қалғысы келеді, ал оның отбасы Мадрид маңындағы Боадилье-дель-Монте қалашығында үй қарастырып жатыр. 

Мұның алдында Ракитичке "Манчестер Юнайтед" пен "Ювентус" қызығушылық танытқан еді. 

"Барселонаға" Ракитич 2014 жылы "Севильядан" ауысып барған, трансфер құны 18 миллион еуроны құрады. Биылғы маусымда 31 жастағы хавбек Испания чемпионатында 15 матчте ойнап, екі нәтижелі пас берді. Футболшының каталондық клубпен келісімі 2021 жылға дейін есептелген.