"Барселона" ойыншысы Серхи Роберто екі ай бойы алаңға шыға алмаған, бастапқыда жарақатына, кейін корновирус жұқтырғанына байланысты. Бұл туралы "Чемпионат" сайты Football-Espana порталына сілтеме жасап хабарлап отыр.
Мәлімет бойынша, футболшы індетті қараша айында, оң аяғын жарақаттаған кезде жұқтырған көрінеді. Содан бері 26 жастағы ойыншы 26 рет тест тапсырған, тек 27 рет қана тест оның сауыққанын көрсеткен.
Серхи Роберто 2020 жылдың 21 қарашасынан 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ойнай алмады. 31 қаңтар Испания чемпионатының 21-ші тур матчінде "Атлетикоға" қарсы ойынның (2:1) екінші таймында алаңға шықты.
Оның каталондық клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. Transfermarkt Робертоның трансферлік құнын € 25 миллионға бағалап отыр.