"Барселона" футболшылары бас бапкермен жанжалдасты

Сурет: Football24.ru
"Барселона" футболшылары Испания чемпионатының 32-ші турындағы "Сельтамен" (2:2) матчтен кейін команда бапкері Энрике Сетьенге наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Marca.

Мәлімет бойынша, жанжал шешінетін орында болған. Футболшылар бапкерді кейбір тактикалық шешімдеріне қатысты сынға алды. Сонымен бірге, ойыншылар маманның жұмыс істеудегі кей әдістеріне де қарсы. Ақыр-аяғы ештеңе өзгермесе, олар жеңіске жет алмайтынын айтқан. 

32 тур қорытындысы бойынша "Барселона" 69 ұпаймен Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші келеді.

"Реал" Испания чемпионатында "Барселонадан" ілгерлеп кетті

"Барселона" 30 маусымдағы келесі ойында мадридтік "Атлетико" командасымен кездесу өткізеді. Матч Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында болмақ.