"Барселона" футболшылар айлығын қысқарта түспек

Сурет: FC Barcelona
Каталондық "Барселона" қаржылық қиындықтарға байланысты футболшыларға айлақтарын таңы қысқартуды сұрады, - деп хабарлайды Marca.

Осылайша, каталондық клуб басшылығы ойыншыларға еңбекақыны мамырдың соңғы аптасына 70 пайызға дейін және маусымның ортасына дейін 50 пайызға дейін қысқартуды сұрамақ. Қазіргі таңда футболшылар клуб ұсынған шарттардан бас тартып отыр. 

"Барселона" президенті Хосеп Мария Бартомеу клуб бірнеше ай бұрын бекіткен 1,047 миллиард еуро көлеміндегі қаржыландыруға жете алмай отырғандықтан, футболшылардан мұның алдында да айлықты қысқартуды ұсынған. Қазіргі таңда ойыншылар толық еңбекақысының 61 пайызын алады.