Осылайша, каталондық клуб жұмыс күнін қысқартып, сәйкесінше еңбекақыны да қияды.
Мұның алдында клуб футболшылар айлығын 70 пайызға дейін азайтуды ұсынған, алайда, ойыншылар бұған келіспеді.
Сонымен қатар, "Барселона" спорт нысандарын коронавируспен күресуге жергілікті денсаулық сақтау департаментінің қарамағына тапсырып, клубтың 80 жастан асқан қызметкерлеріне қамқорлық жасайтын бағдарламасын іске қосқан.
Еске салайық, мұның алдында ФИФА футбол клубтарына ойыншылар айлығын 50 пайызға қысқартуды ұсынған.