Футбол
18 қазан 21:45
 

"Барселона" "Эль-Класикода" бас бапкерсіз ойнайды

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" "Эль-Класикода" бас бапкерсіз ойнайды ©x.com/FCBarcelona

Испания чемпионатының (Ла Лига) тоғызыншы турындағы тартысты ойында каталондық "Барселона" "Жиронаны" 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания чемпионатының (Ла Лига) тоғызыншы турындағы тартысты ойында каталондық "Барселона" "Жиронаны" 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші гол матчтың үшінші қосымша минутында соғылды. Жеңіс добын Рональд Араухо соқты.

Алайда кездесудің басты оқиғасы тек гол емес. Қосымша уақытта "Барселона" бас бапкері Ханс-Дитер Флик төреші тарапынан алаңнан қуылды. Неміс маманы жеңіс сәтін аса эмоциямен атап өтіп, төрешінің пікірінше, әдепсіз қимылдар көрсеткен.

Бұл шешімнің салдарынан Флик маусымның ең басты ойыны — мадридтік "Реалға" қарсы Эль-класико матчында (26 қазан, жексенбі, «Сантьяго Бернабеу» стадионы) команда жанына отыра алмайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!