Барселона жазғы трансфер кезеңінде шабуыл шебін күшейту үшін екі португалиялық ойыншыны қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Mundo Deportivo ақпаратына сәйкес, каталондық клубтың шорт-тізіміне Бернарду Силва ("Манчестер Сити") және Педру Нету ("Челси") енген.
Бернарду Силва еркін агент атануы мүмкін, өйткені оның "Манчестер Ситимен" келісімшарты аяқталуға жақын және дереккөз мәліметінше, ол ұзартылмайды.
Ал Педру Нету шамамен 60 миллион еуроға бағаланып отыр. Егер "Челси" маусым қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасы жолдамасын ала алмаса, футболшы клуб ауыстыру туралы ойлануы мүмкін.
Жарнама