"Барселона" Дани Алвеспен жаңа келісімшарт жасайтын болды

©Reuters

Испаниялық "Барселона" қорғаушы Дани Алвеспен жаңа келісімшарт жасайтын болды. Бұл туралы UOL басылымы хабарлады. 

Карьерасында 40 кубок жеңіп алған бразилиялық қорғаушы мансабын жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, ол ұлттық құрамасымен бірге Катарда болатын әлем чемпионатына баруды көздеп отыр. 

39 жастағы Алвес "Барселона" сапында 2008 және 2016 жылдары өнер көрсетті. Кейін ол 2021 жылдың қараша айында командаға қайта оралып, маусым соңына дейін келісімшарт жасаған. 

Ол биыл "Барселона" сапында 16 кездесуге қатысып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport