"Барселона" ЧЛ тобынан шыға алмауы мүмкін

©fcbarcelona

Кәрі құрлықтың басты футбол додасы саналатын Чемпиондар лигасының 4-туры тартысқа толы болды. Солардың ішінде "Барселона" мен "Интер" арасындағы матчты айтуға болады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Камп Ноудағы" кездесуде "блаугранаға" тек қана жеңіс қажет болды. Сол кезде ғана плей-офф раундына шығу мүмкіндігі артар еді.

Алайда 6 гол соғылған ойында жеңімпаз анықталмады. Бірінші таймда Усман Дембеле (40-минут) есеп ашса, үзілістен кейін Николо Барела таразы басын теңестірді. Тіпті 63-минутта Лаутаро Мартинес қонақтардың екінші голын салды. Тек матчтың 82-минутында Роберт Левандовски есепті теңестіруге шамасы жетті.

Кездесудің 89-минутында "Интерден" Робин Госенс гол салды. Дейтұрғанымен төрешінің қосқан қосымша минутында Роберт Левандовски дубль жасады.

Енді С тобында "Бавария" 12 ұпаймен көш бастаса, "Интер" 7, "Барселона" 4 және "Виктория" (Пльзень) клубтары жайғасқан. 

Енді 5-тур ойындары 26 қазан күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport