"Барселона" Чемпиондар лигасынан шығып қалды

©GLOBALLOOKPRESS

"Барселона" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бесінші тур матчі алдында каталондықтарға бәсекелесі миландық "Интер" чехиялық "Виктория Пльзеньді" ұта алмағаны қажет еді. Алайда италиялықтар қарсыластарын 4:0 есебімен ойсыратып кетті де, келесі кезеңге жолдама алып отыр. 

Ал "Барса" өз алаңында "Бавариямен" кездесіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды. Садио Мане 10-минутта есеп ашты. 31-минутта Эрик Шупо-Мотинг екінші голды соқты. Ал 94-минутта Бенжамен Павар есеп нүктесін қойды. Осылайша, германиялық клуб екінші жолдаманы жеңіп алды. 

Енді испаниялық клуб жарысты Еуропа лигасында жалғастырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар