"Барселона" Чемпиондар Лигасын жеңген "Реалды" құттықтады

©championat

"Барселона" футбол клубы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған "Реал" ойыншыларын құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Блауграна" әлеуметтік желіде "бланкосты" жеңісімен құттықтады.

"Бүгін түнде "Стад де Франста" Чемпиондар Лигасын жеңген Мадридтің "Реалын" құттықтаймыз, - делінген клубтың жазған хабарламасында.

Еске салайық, 2021/22 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпуль" мен "Реал" кездесіп, Карло Анчелотти шәкірттері 0:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 59-минутта Жуниор Винисиус салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар