"Барселона" Буффонды қақпашы етіп алуы мүмкін

© Sport.ua
Франциялық "Пари Сен-Жерменнен" кеткен Джанлуиджи Буффон карьерасын Испанияда жалғастыруы мүмкін, - деп ххабарлайды "Чемпионат.com" порталы белгілі журналист Джанлуки Ди Марциоға сілтеме жасап.

"Барселона" басшылығы 41 жастағы футболшыны қосалқы голкипер ретінде қарастырып отыр.

Айта кетейік, Буффон ПСЖ-ға еркін агент құқығымен туриндік "Ювентустан" келген. Келісімшарт биыл жазға дейін есептелген еді. Оны тағы бір жылға созу мүмкіндігі болған, алайда, тараптар мұндайға бармады

Мұның алдында оған А сериясына қайта оралған "Брешиадан" ұсыныс түскені хабарланған еді. Сонымен бірге, италиялық футболшы "Лацио" немесе "Дженоа" клубтарына да бара алады.

Аяғына жеткен маусымда Буффон клубтық деңгейде 25 матч өткізді. Қақпашының пассивінде 25 гол. ПСЖ-мен ол Франция чемпионы атанған еді. "Ювентуске" дейін голкипер "Пармада" ойнады.