Испанияның “Барселона” клубы алғашқы болып 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне қатысу мүмкіндігіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Каталониялық “Барселона” бұл жетістікке Ла Лиганың 29-туры аясында “Райо Вальекано” командасын 1:0 есебімен ұту арқылы жетіп отыр.
29 матчтан кейін “көк-анарлар” 73 ұпай жинап, чемпионатта сенімді түрде көш бастап келеді. Олар ең жақын қарсыласы — “Реал” Мадрид клубынан төрт ұпайға озып тұр. Үздік бестікке сондай-ақ, “Вильярреал” (58 ұпай), “Атлетико” (57) және “Бетис” (44) кіреді.
Маусым аяқталуына тоғыз тур қалғанда “Барселона” командасы төртінші орыннан төмен түспейтіні кәміл, бұл келесі маусымда басты еурокубокқа жолдама алуды қамтамасыз етеді.
Жарнама