"Барселона" бірнеше футболшыларын сататын болды, деп хабарлайды Mundo Deportivo басылымы. Каталониялық сол сатылатын футболшылардың орнына жаңа ойыншылар алады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, "Барселона" қысқы трансферлік кезеңде Самюэль Умтити, Филиппе Коутиньо, Серджиньо Дестті сатып, Люк де Йонгты қайтадан "Севильяға" қайтарады.
Каталониялық клубқа жалақылардың мөлшерін азайту керек. Содан соң ұжым Ферран Торрес пен тағы бір футболшыны алмақ.