Каталондық "Барселона" жазғы трансферлік кезең аяқталғанға дейін бірден бес футболшымен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz журналист Хосе Альвареске сілтеме жасап.
Клубтан кім кетуі мүмкін?
Командадан кетуі ықтимал футболшылардың қатарына Френки де Йонг, Марк Касадо, Эктор Форт, Алехандро Бальде және Жюль Кунде кірді.
Мәлімет бойынша, аталған бес футболшының барлығына басқа клубтар қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар олардың кейбірін жалға беру нұсқасы да жоққа шығарылмады.
Ойыншыларды сату бойынша соңғы шешімді "Барселонаның" спорттық директоры Деку қабылдайды.
Әр футболшыға үміткерлер бар
Френки де Йонг бұған дейін "Манчестер Ситидің" қызығушылығына іліккен еді. Алайда нидерландтық футболшының жарақаты ағылшын клубының жоспарына өзгеріс енгізді.
Марк Касадоның Сауд Арабиясына ауысуы мүмкін екені айтылып жүр. Ал жас қорғаушы Эктор Фортқа "Реал Сосьедад" пен дортмундтық "Боруссия" қызығушылық танытуда.
Алехандро Бальде "Манчестер Юнайтедтің" назарында. Бұған дейін ағылшын клубы футболшының өкілдерімен байланыс орнатқаны хабарланған болатын.
Ал Жюль Кундеге Англия премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.
"Барселона" Ла Лиганың жаңа маусымын ірі жеңіспен бастады. Ханси Флик шәкірттері сырт алаңда "Эльчені" 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жарнама