Футбол
Бүгін 10:11

"Барселона" бір маусымда 61 гол соққан шабулшыны сапына қоспақ

© "Барселона" ФК

Каталондық "Барселона" мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Харри Кейнді өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Daily Mail журналисі Крейг Хоуптың мәліметінше, каталондық клуб ағылшын шабуылшысының өкілдерімен алғашқы байланыс орнатып, ықтимал трансфердің жүзеге асу мүмкіндігін бағалаған. Алайда Кейннің өзі әзірге команда ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ. Ол "Баварияда" өзін жайлы сезінеді және қазір мюнхендік клубпен келісімшартын ұзарту мәселесіне басымдық беріп отыр.

Соған қарамастан, "Барселона" жағдайдың дамуын ары қарай бақылай бермек. Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін трансфер шарттары тиімді болса, каталондықтар келіссөздерді қайта бастауы мүмкін.

Қазіргі таңда бұл тек "Барселонаның" алдын ала қызығушылығы ғана. Тараптар арасында толыққанды трансферлік келіссөздер әлі жүргізілген жоқ.

32 жастағы Кейн каталондық клубта кеткен Роберт Левандовскидің орнын басатын негізгі үміткерлердің бірі саналады.

Өткен маусымда ағылшын шабуылшысы барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның "Бавариямен" келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланады.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport