Футбол
8 қаңтар 09:05

"Барселона" бес гол соғып Суперкубок финалына өтті

©"Барселона" ФК

Каталониялық «Барселона» Испания Суперкубогының жартылай финалында Бильбаоның «Атлетик» клубын ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жидда қаласында өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Матч тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді - каталониялықтар үзіліске дейін қарсылас қақпасына төрт гол соқты. Екінші таймда «көк-анарлар» тағы бір мәрте гол соғып, кейін қарқынын баяулатты, алайда бұл «Атлетикке» абырой добын соғуға мүмкіндік бермеді.

Жеңімпаздар құрамында гол авторлары: Ферран Торрес (22-минут), Фермин Лопес (30), Руни Бардагжи (34) болды және Рафинья дубль жасады (38 және 52).

Осылайша, «Барселона» Испания Суперкубогының финалына шыққан алғашқы команда атанды. Финалдағы қарсыласы 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні өтетін мадридтік дербиде - «Реал» мен «Атлетико» матчынан кейін анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport