Каталондық "Барселона" мадридтік "Реалдың" жастар командасы "Кастильяның" жартылай қорғаушысы Сесар Хелабертке қызығып отыр, - деп хабарлайды AS.
Мадридтік команданың Хелабертпен келісімшарты 2021 жылы жазда аяқталады. Қазіргі таңда 19 жастағы футболшы келісімшартын ұзартқан жоқ. Ал "Реал" хавбекпен тезірек жаңа келісім жасағасы келеді, өйткені, клуб бапкері Зинедин Зидан футболшының болаағы зор деген сенімде.
Ақпарат бойынша, "Барселона" футболшыға 2015 жылдан көз тігіп келеді. Ол кезде Хелаберт "Эркулес" сапында өнер көрсеткен.
Сонымен бірге, Хелабертке "Манчестер Юнайтед", "Арсенал", дортмундтық "Боруссия" мен "Лион" қызығып отыр