"Барселона" басшысы Мессиге қатысты ойын айтты

©vseprosport

"Барселона" президенті Жоан Лапорта 2021 жылы командадан Лионель Мессидің кетуіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл каталондық клуб үшін ең дұрыс шешім болған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр жазда аргентиналық "Пари Сен-Жермен" сапына ауысқан болатын. 

"Барселонаны" футбол тарихындағы ең мықты ойыншыдан жоғары қою керек болдым. Қалтамызда көк тиын қалмаған кезде мен оны ұстап қала алмадым. Бұл клуб үшін оң шешім еді. Қазір ол ПСЖ ойыншысы, сондықтан ол туралы сөз еткім келмейді. Біздің бар назарымыз өз командамызда. Ол клуб таңбасының бір бөлігінде бейнеленнген, әрине бәрі өзгеше аяқталғанын қалаймыз. Қазір бірнеше нұсқамыз бар, бірақ ол туралы қазір айтқан дұрыстау емес. Біз қарым-қатынасымызды сақтап қалдық", - деп береді Лапортаның сөзін Sport.es.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport