"Барселона" басшысы эль-классикода "Реалдан" ұтылу себебін атады

Reuters©
Каталондық "Барселона" футбол клубының директоры Гильермо Амор мадридтік "Реалмен" ойынға қатысты пікір білдірді. 

"Реал" футболшылары қысым жасап, ойынды бұзуға тырысты. Бұл бізге қымбатқа түсті, дегенмен, олар жеңіске лайық болды деген ойдамын. Біз басым едік, бірақ, олар жылдам контра шабуылдармен жауап берді.

Бірінші таймда "Барселона" өте жақсы ойнады. Қарсы шабул жасағанымызбен, мүмкіндіктерді пайдаланбадық. Ал "Реал" сияқты командамен қателік жасасаң, олар мүлт кетпейтіні анық. Қарсылас бр голдан кейін жеңе алатынын сезінді.  

Месси жақсы ойнады. Ойынның бірінші жартысында тамаша болды, мүмкіндіктер жасап беріп отырды. Алайда ұтыла бастағанда бәрі кері жасалып жатқандай көрінеді. Қалай дегенмен жақсы ойнадық. Бірінші таймды жақсы өткіздік және мықты команда едік. Бірақ осыдан кейін бәрі өзгеріп кетті, бақылауды жоғалттып алдық", - деп келтіреді Амордың сөзін Marca.