"Барселона" басшылығы жаңа бапкер Рональд Куманға қысым жасап жатыр

Сурет: FootBoom
"Барселона" басшылығы мен команданың жаңа бапкері Рональд Куман арасында маусым аралығындағы трансферлерге байланысты алауыздық туды. 

Журналист Тоби Альтшэффльттің твиттер желісінде жариялаған мәліметі бойынша, каталондық клуб басшылығы команда тәлімгері Тьяго Алькантараны "Бавариядан" қайтарып алмақ. Ал Куман командада "Ливерпульдегі" хавбек Жоржиньо Вейналдумды ойнатқысы келеді. Өйткені бұл футболшыны Нидерланды құрамасынан жақсы біледі. 

Осылайша, "Барселона" бапкерге қысым жасап, оның ойынан қайтармақ. Сонымен қоса, каталондықтар Тьягоны қайтару үшін алғашқы қадамды жасап, футболшының өкілдерімен байланысқа шыққан. 

Мұның алдында Вейналдум "Барселонаға" өтсе, Тьяго "Ливерпуль" сапына ауысуы мүмкін екені айтылған.