"Барселона" бапкері Роналдуға Арабияда неге оңай болмайтынын айтты

©instagram.com/cristiano

"Барслеонаның" бас бапкері Хави Эрнандес португалиялық Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысыуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Маманның сөзінше, шабуылшыға жаңа чемпионатта оңай болмайды. 

"Ол Сауд Арабиясының ең мықты клубтарының бірімен келісімшартқа отырды, бірақ оған оңай болмайды. Бұл өте күрделі лига. "Әл-Садд" клубын жаттықтырғанда мен олардың бірнеше командасына қарсы ойнадым. Оған оңай болмайды. 

Сауд Арабиясының лигасы - бәсекелестігі жоғары лига, ал Криштиану Роналду - бәсекеге қабілетті ойыншы. Сондықтан ол жетістікке жете алады деген ойдамын", - деп береді Хавидің сөзін barcauniversal.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар