"Барселона" азшылықта ойнағанмен чемпионаттағы қатарынан екінші жеңісіне жетті

Сурет: Football.ua
"Барселона" Испания чемпионатының төртінші турында сырта алаңда "Сельтаны" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Виго қаласында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. 11-ші минутта Ансу Фати гол салды, 51-ші минутта Мессидің соққысынан кейін Лукас Олас допты өз қақпасына кіргізіп алды. Ал Серхи Роберто матч нүктесін қойды (90+5).



Айта кетейік, 42-ші минутта Клеман Лангле алаңнан қуылып, каталондықтар екінші таймды толықтай азшылықта ойнаған. 

Осылайша, "Барселона" чемпионатта қатарынан екінші жеңіске жетіп, алты ұпаймен бесінші келеді. "Сельта" 11-ші орында. 4 қазандағы келесі турда "Барселона" өз алаңында "Севильямен", ал "Сельта" сырт алаңда "Осасунамен" кездесу өткізеді.
Жаңалықтар