"Барселона" Антуан Гризманн үшін "Атлетикомен" соттаспақшы
"Барселона" командасының басшылары "Атлетикомен" соттасып, шабуылшы Антуан Гризманн үшін 40 миллион еуро талап етпекші. Каталониялық клуб шабуылшыны мадридтік команданың негізгі футболшысы деп санайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі El Larguero порталына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта шабуылшы "Атлетико" сапында жалда өнер көрсетеді. Екі маусымда Гризманн команданың 50 пайыз ойынында 45 минуттан ойнайтын болса, мадридтіктер оны "Барселонадан" оны 40 миллион еуроға сатып алуға міндетті. Сол үшін соңғы бес ойында Антуан алаңға 60 минуттан кейін шығуда.
Осыған дейін басылымдар осылайша "Атлетико" командасы заң бұзып жатқан жоқ деген ақпарат шықты. Ал оның агенті "Барселонаға" бағаны түсіру туралы ұсыныс жасаған. Бірақ "Барселона" мұнымен келіспеді. Енді олар да заңгер жалдап, соттасуға дайындалуда.
Айта кетейік, Гризманн "Атлетико" сапында 2014-2019 жылдар аралығында ойнады. Содан соң "Барселонаға" 120 миллион еуроға сатылды. Ал 2021 жылғы маусымда мадридік команда оны жалға алды.
Жарнама