Футбол клубы «Барселона» басшылығы жазғы трансферлік кезеңде Рафиньяны сатуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Don Balon басылымының TBR Football-ға сілтеме жасап хабарлауынша, клуб президенті Жоан Лапорта футболшының агентіне: «Егер 100 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе – ойыншы сатылатын болады»,
– деп алдын ала ескерткен.
«Барселона» басшылығы Рафиньяның өткен маусымдағы жоғары деңгейлі ойынын тұрақты түрде қайталай алатынына сенімді емес. Клуб президенті Жоан Лапортаның өзі күмәндана қарайды.
Бразилиялық жартылай қорғаушыға Лондонның "Челси" және "Арсенал" клубтары қызығушылық танытып отыр. Ағылшын командалар ойыншыны сатып алу мүмкіндігін қарастырып, сұралған сомаға жақын ұсыныс жасауға дайын екендерін білдірген.
Егер Рафинья командадан кететін болса, «Барселона» оны алмастыратын нұсқаларды қазірдің өзінде қарастырып жатыр. Клуб «Атлетик» сапындағы Нико Уильямсты сатып алуға жақын. Сонымен қатар, «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфордты жалға алу мүмкіндігі де талқылануда.
Бас жаттықтырушы Ханси Флик Рафиньяның ойынына разы, алайда: «егер клуб шешім қабылдаса, оны жіберуге дайынмын», – деп мәлімдеді.
Рафиньяның статистикасы (2024/25 маусымы):
57 матч34 гол25 нәтижелі пасФутболшы осы маусымдағы статистикасына қарай, "Алтын допқа" үміттілердің үштігінде келеді.