"Барселона" алты жылда бірінші рет Испанияда трофейсіз қалды

Сурет: Football24.ru
Футболдан Испания чемпионаты аяқталуға бір тур қалғанда "Барселона" алтын жүлдесіз қалды. 

"Чемпионат" мәліметінше, каталондық клуб 2014 жылдан бері бірінші рет Примера кубогын да, Испания кубогын да иеленбеді. Ел кубогына таластың жартылай финалында команда "Атлетикодан" ұтылған еді.

Енді каталондықтарда трофей ұту мүмкіндігі Чемпиондар лигасында ғана бар. Турнир 1/8 финал кезеңінде тоқтатылған еді. Бірінші матчте "Барселона" 1:1 есебімен "Наполимен" тең түсті. Қарымта кездесу 8 тамызда өтеді.