"Барселона" әлем чемпионымен келісімшарт жасағанын хабарлады

©"Барселона" ФК

"Барселонаның" шабуылшысы Осман Дембеле каталониялық клубпен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңа келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. Бұл келісімшарт бойынша франциялық футболшының жалақысы 40 пайызға қысқарады. 

Еске салайық, Дембеле "Барселона" сапына 2017 жылы ауысты. Бес жылдың ішінде ол 150 кездесуге қатысып, 32 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді. 

Ол 2018 жылы Франция құрамасымен әлем чемпионы атанған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport