"Барселона" Адама Траоренің болашағына байланысты шешім шығарды

©Reuters

"Барселона" командасында жалда ойнап жүрген "Вулверхэмптон" шабуылшысы Адама Траоре маусым аяқталған соң ағылшындық командаға қайта оралады. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады. 

Каталониялық команда 26 жастағы футболшыны сатып алмайтын болды. Осыған дейін "Барселонада" Траорені 30 миллион еуроға сатып алатын құқығы бар екені айтылған еді. Бірақ клуб басшылары бұл ұсыныстан бас тартты. 

Траоре негізі "Барселона" командасының тәлімгері. Ол команадан 2016 жылы кетіп, Англияға барды. Онда шабуылшы "Астон Вилла", "Мидлсброда" ойнап, 2018 жылы "Вулверхэмптон" сапына ауысты. 

Биыл Адама "Барселона" сапында 15 кездесуге қатысып, төрт нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport