"Барселона" 75 миллион тұратын шабуылшыны сапына қосқысы келеді

©Football.ua

"Барселона" дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд үшін әлі күресіп келеді, деп хабарлайды Sport.es.

Мәлімет бойынша, каталондық клуб норвегиялық форвардты алдағы маусымда шабуыл шебін күшейтудегі басты трансферлік мақсат ретінде қарастырып отыр.

Алайда "Барселона" Холандқа "Манчестер Сити" сияқты қаржылық жағынан жақсы ұсыныс жасай алмайды. 

Холандтың германиялық клубпен келісімі 2024 жылға дейін жасалған. "Боруссияның" футболшымен келісімшартын бұзу үшін 75 миллион еуро қажет.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport