"Барселона" 2013 жылдан бері өз алаңында ұтылмаған

© Sportbox
"Барселона" өз алаңында жеті жылдан бері ешбір командадан ұтылмаған, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Статистикаға көз жүгіртсек, УЕФА Чемпиондар лигасының бес дүркін чемпионы 2013 жылдың күзінен бері өз алаңында ұтылмапты. Еуропаның басты додасы аясында "Камп Ноуда" өткізген соңғы 35 матчында қонақтар "Барселонаны" жеңе алмаған.

"Барселонаны" өз алаңында ұтқан кейінгі команда "Бавария". Бір қызығы бұл рекорд каталондық клубқа дейін осы мюнхендік командаға тиесілі болған. "Барселона" "қызылдардың" рекордын өткен жылы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Лионды" (5:1) жеңгеннен кейін бұзған.

Ал "Барселона" өз алаңында жеті жыл бұрын ұтылған. 2013 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Бавария" өз алаңында "Барселонаның" қақпасына 4 гол, ал каталондықтар алаңында 3 доп соққан. Осыдан кейін каталондық клуб "Камп Ноуға" келген 31 қарсыласын жеңіп, төртеуімен тең тарқасқан. Матчтағы голдар саны бойынша "Барселона" орташа есеппен әр ойында 3 доп соғып отырған. Жалпы есептегенде 104 доп. Ал өз қақпасына 17 мәрте ғана жіберген екен.

УЕФА Чемпиондар лигасындағы рекордтар тізімі:

Өз алаңында ұзақ уақыт жеңілмеген:

35* "Барселона" (18.09.2013-...)
29 "Бавария" (04.03.1998-02.04.2002)
24 "Арсенал" (14.09.2004-15.04.2009)
23 "Ювентус" (02.10.2013-13.02.2018)
23 "Манчестер Юнайтед" (27.09.2005-03.11.2009)

Өз алаңында тек ұтып отырған:

16 "Бавария" (17.09.2014-15.02.2017)
15 "Барселона" (17.09.2014-08.03.2017)
12 "МЮ" (13.09.2006-29.04.2008)
11 "Реал" (03.04.2013-09.12.2014)
10 "Ювентус" (20.03.1996-10.12.1997)

Сырт алаңда ұзақ жеңілмеген:

16 "МЮ" (19.09.2007-16.02.2010)
14 "Аякс" (28.09.1994-19.03.1997)
12* "Бавария" (31.10.2017-...)
11= "Барселона" (01.10.2008-31.03.2010)
11= "Реал" (28.09.2010-27.03.2012)

Сырт алаңда тек ұтып отырған:

7 "Аякс" (22.11.1995-19.03.1997)
7 "Бавария" (19.02.2013-19.02.2014)
6 "Барселона" (12.04.2011-14.02.2012)
6 "МЮ" (15.04.2009-16.02.2010)
5 "Аякс" (27.11.2018-02.10.2019)
5 "Челси" (16.09.2003-06.04.2004)
5 "Ювентус" (05.12.2017-23.10.2018)
5 "Реал" (29.04.2014-18.02.2015)

Ұзақ уақыт жеңілмеген:

25 "МЮ" (19.09.2007-05.05.2009)
19 "Аякс" (14.09.1994-20.03.1996)
19 "Бавария" (14.03.2001-02.04.2002)
16 "Барселона" (08.03.2011-03.04.2012)
16 "Манчестер Юнайтед" (04.03.1998-29.09.1999 және 23.10.2001-23.10.2002)

Ұзақ уақыт ұтып отырғандар:

10 "Бавария" (02.04.2013-27.11.2013)
10 "Реал" (23.04.2014-18.02.2015)
9 "Барселона" (18.09.2002-18.02.2003 және 21.10.2014-06.05.2015)
8 "Боруссия" Дортмунд (04.12.1996-01.10.1997)

Қарсыласпен тек тең түскендер:

7 АЕК Афины (17.09.2002-17.09.2003)
6 "Лион" (02.10.2018-19.02.2019)
6 "Рейнджерс" (19.10.2005-07.03.2006)

Ұзақ уақыт қақпасына гол жіберген:

10 "Арсенал" (18.10.2005-25.04.2006)
7 "Милан" (24.11.2004-26.04.2005)
6 "Аякс" (18.10.1995-20.03.1996)
6 "Челси" (24.10.2007-05.03.2008)
6 "Ювентус" (07.12.2016-03.05.2017)
6 "Панатинаикос" (01.11.1995-03.04.1996)
Жаңалықтар