Каталониялық "Барселонаның" сол қапталдағы қорғаушысы Хофре Торрентс карьерасын Амстердамның "Аякс" клубында жалғастырады. Нидерландтық клуб ресми түрде 19 жастағы испаниялық футболшымен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трансфер шарттары
БАҚ мәліметінше, "көк-анарлылар" өз академиясының түлегін сатудан шамамен 5-6 миллион еуро табады. Сонымен қатар каталониялық клуб футболшының болашақтағы қайта сатылымынан түсетін қаржының 50 пайызын алу құқығын сақтап қалады.
Торрентстің "Аякспен" келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін есептелген.
Негізгі команда сапында төрт матч өткізді
Торрентс - "Барселона" академиясының түлегі. Қорғаушы каталониялық клубтың негізгі командасы сапында бар болғаны төрт матч өткізіп, негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.
Jofre Torrents is here! ⚪?⚪
— AFC Ajax (@AFCAjax) August 17, 2026
Енді испаниялық футболшы карьерасын Нидерландта жалғастырып, дамуын одан әрі шыңдауға тырысады. Жаңа клубта ол бұған дейін каталониялық "Жиронаны" басқарған бас бапкер Мичелдің жетекшілігімен жұмыс істейді.
"Аякс" - Еуропадағы ең атақты клубтардың бірі. Амстердамдық команда Чемпиондар лигасын төрт рет жеңіп алған.
Жарнама