"Барселона" 17 жастағы түлегін 500 миллион еуроға бағалады

Сурет: kabarin.co.id

Каталондық "Барселона" 17 жастағы түлегі Алехандро Бальдемен жаңа келісімшарт жасағаны туралы хабарлады.

Жаңа құжат 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Келісімде футболшыны сатып алғысы келгендерге 500 миллион еуро төлеу керек болатыны көрсетіліпті.

Бальде 2011 жылы "Эспаньоладан" кетіп, "Барселона" академиясына келген. Футболшы сол жақтағы қорғаушы позициясында, дегегенмен, осы қапталдан шабуылда да ойнай алады. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының трансферлік құны - 500 мың еуро.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар