"Барсаны" ойсырата ұтты. "Реал" Испания суперкубогін жеңіп алды

©m.lenta.ru

Футболдан Испания Суперкубогының финалында "Реал" басты бәсекелесі "Барселонаны" ойсырата ұтты. Эр-Риядта өткен ойында мадридтік клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Реал" өткен жылы финалда кеткен есесін қайтарды. 2024 жылғы алғашқы "эль-класиконы" жеңіспен бастады. Ал Испания Суперкубогын 13-ші рет жеңіп алды. 

Карло Анчелотти шәкірттері ойынның бірінші таймында-ақ жеңіске бастар жолды тапты. "Барселона" қорғанысының осал тұсын тауып-ақ шыққандай болды. Бірінші таймда "корольдік клубтың" бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниор үш рет гол соғып, хет-трик жасады. Оның біреуін пенальтиден соқты. "Барселона" сапында бір голды Роберт Левандовский салды. 

Екінші таймда Родриго "Реалдың" төртінші голын соқты. Бұл мадридтік команданы айқын басымдығын байқатты. 71-минутта "Барселона" қорғаушысы Серхио Араухо екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Хави командасы кездесуді 10 ойыншымен аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport