"Барса" Ла Лигада "Вильярреалды" 7 минутта тас талқан етті

©sport.news.am

"Барселона" Испания чемпионатының 10-турында "Вильярреалды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен матчтің бірінші таймында алаң қожайындары жеті минут ішінде барлық голды салып тастады. Роберт Левандовски (31 мен 35-минут) дубль жасады және Ансу Фати (38) бір гол соқты.

Осы жеңіс арқасында каталондықтар 25 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға мықтап бекіді. Ал "Вильярреал" 15 баллмен тоғызыншы келеді. 

23 қазандағы келесі турда "Барселона" өз алаңында "Атлетикті" қабылдайды, ал "Вильярреал" да өз алаңында "Альмериямен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар