"Барса" Гавидің орнына "Арсенал" ойыншысын алмақ

©BBC

"Барселона" футболдан Италия құрамасы мен лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Жоржиньоға көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталондық клуб жарақат алып қалған Гавидің орнын басатын ойыншы іздеуде. Гави Испания құрамасы сапында Грузиямен матчте (3:1) жарақаттанып, кемі жарты жыл алаңға шыға алмайды. 

31 жастағы Жоржиньо "Челсиден" жыл басында "Арсеналға" ауысқан, оның қазіргі келісімшарты бір жылға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport