Футбол
10 наурыз 2022 20:03

"Бәрінің біздің футболға түкіргені бар". Қақпашы Қазақстанның футбол алаңдарын сынап тастады

©"Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" командасының қақпашысы Бекхан Шайзада қазақстандық стадиондарды сынап тастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Екінші турда оның командасы "Тараздан" (0:1) ұтылған болатын. 

"Біздің стадиондар үшін қатты ұяламын. Мұндай стадиондарды ҚПЛ ойындарын өткізуге кім рұқсат берді. Ұялып тұрмын. Бұл жерде футбол ойнау былай тұрсын, футболшылар қалай құлап қалмасам, аяғымды қайырып алмаса деп ойлайды. Сіздер мұны білмейсіздер. Барлығының біздің футболға түкіргені бар", - деп жазды қақпашы әлеуметтік желісінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport