"Бәріне қиындық тудыратын болады". Шотландиялық маман қазақстандық футболшылардың шеберлігі жайында

© KazFootball.kz
Шотландия футболының ардагері және комментатор Давид Прован Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық футболшылардың шеберлігі өскенін атап өтті. 

"Шотландия топта соңғының алдында ғана болады деп кім ойлаған. Командамыз алда Кипр және Қазақстанмен ойын өткзеді. Матчтер ойдағыдай өтеді деп айта алмаймын. Бұл құрама тарихындағы ең жаман іріктеу. 

Мәселе шотландиялықтардың ойнай алмай жатқандығында ғана емес, Кипр мен Қазақстан командаларының шеберлігі артқанында. Болашақта олар барлық командаларға қиындық тудырады деп ойлаймын", - деп атап өтті Прован.