Барлық сыбысқа нүкте қойды. Мбаппе болашағына қатысты мәлімдеме жасады

©ПСЖ

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Лига 1 маусымының ең мықты ойыншысы атанғаннан кейін, болашағына қатысты барлық сыбыстарға нүкте қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мбаппе төртінші рет Франция чемпионатының үздік ойыншысы болып отыр.

"Былтырғы таңдауыма өте ризамын ("Реал" сапына өтуден бас тартқаны). Мен осындамын, осыдан ләззәт алып жүрмін, ең мықты ойыншы атандым. Келесі жылы да осында боламын, өте бақыттымын", - деп береді Мбаппенің сөзін Onze Mondial.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ бетінде 24 жастағы футболшы жазда басқа клубқа ауысуы мүмкін екені бірнеше рет жазылған. Килианның командада қалу шешімі Месси мен Неймардың кетуіне қатысты қабылдануы да мүмкін екенін айтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар