"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Самат Смақов "Шахтер" командасын жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Қарағандыда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. "Ақтөбені" жеңіске жеткізген голды хорватиялық жарылай қорғаушы Хрвое Миличевич салды.
"Ақ-қызыл отбасы, жеңісеріңмен! Жігіттер, сендерді мақтан етемін! Барлық ақылгөй мен ұлы мамандарға айтарым: "Ақтөбе" сатылмайды", - деп жазыпты Смақов твиттер желісінде.
Айта кетейік, 39 ұпай жинаған "Ақтөбе" төртінші келеді, қосымша ұпаймен "Жетісудың" алдында тұр. Ал "Шахтер" 28 ұпаймен соңғы - 12-ші орында және тарихында алғаш рет Қазақстан премьер-лигасынан шығып қалу қаупі бар.
Жарнама