Футбол
21 ақпан 2019 16:09
 
"Барлығына мен кінәлі емеспін". ҚПЛ-дің жаңа қатысушысының бразилиялық ойыншысы

  Пікірлер

blog.share

"Барлығына мен кінәлі емеспін". ҚПЛ-дің жаңа қатысушысының бразилиялық ойыншысы © instagram.com/daniloalves99oficial/

"Оқжетпес" жақында 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Данило Алвеспен жыл соңына дейін келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы карьерасын 2011 жылы бразилиялық "Кишада" сапында бастады. Ары қарай "Пенаполенсе", "Луверденсе", "Португезу Деспортос", "Аваи", "Атлетико Сорокаба", "Брагантино", "Крисиуму", "Сан-Бенту" командалары үшін ойнады. Сонда тек "Атлетико Сорокаба" үшін 12 матчте ғана алты гол салғанын айта кетейік. 

Осыған қарамастан оны албаниялық "Фламуртари" клубы алады, 2016 және 2018 жылдар аралығы 73 ойында футболшы 18 гол ғана соққан. Осыған байланысты команда бапкері Дуро Шпетиманың оған көңілі толмай жүрді. Мамамнның пікірінше, Алвес гол салмағаннан бөлек, алаңда барынша ойнағысы келмейді. Мұндай қысымға шыдамаған футболшы бар ойын Facebook желісінде жазған. 

"Жеңе алар едік, бірақ, өз алаңымызда тең түстік, өкінішті. Ол тағы мені айыптады. Дегенмен ол да бапкерлік қателіктерін мойындау қажет, футболшылар өз позицияларында ойнамайды. Команда жартылай қорғаушы мен қорғаныстағы футболшылар орынын ауыстыра алмайды. Мен де көп қателік жасадым, бірақ, бірдеңе жасау үшін алаңда доп көбіне менде болды. 

Бапкер мен ұнатпайды. Барлығына мен кінәлі емеспін. Командада 11 ойыншы, әрқайсысы өз міндетін орындау керек. 

Шаршадым, өйткені еститінім бірақ сөз: "Данило Алвес - бұл қиындық". "Данило Алвеске риза емеспін". Егер риза болмасаңыздар менімен келісімшартты бұзып, басқа ойыншы алыңыздар. Бұл мәселені шешкім келеді, өйткені, әрбір сәтсіз ойыннан кейін бапкер мені жамандайды. 

Жарнама

Живи спортом!