"Барлығы мүмкін". ЦСКА футболшысы Зайнутдиновтің "Аталантаға" ауысуы туралы

©ЦСКА

Мәскеулік ЦСКА командасының бұрынғы футболшысы Максим Боков қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтің "Аталантаға" ауысуы туралы ақпаратқа пікірін білдірді, деп жазады Soccer.ru порталы. 

"Барлығы мүмкін. Зайтундинов италиялық командаға ауысуы әбден ықтимал. Егер Бахтиер Италияның А сериясына ауысатын болса, қуанатын едім. 

Зайнутдинов қосалқы құрамда отыратын футболшылардың қатарынан емес. Ол "Аталантаға" ауысса, негізгі құрамның ойыншысы болып, әртүрлі позицияда ойнайды. Оның команданың көшбасшы футболшысы болуға шамасы жетеді", - деді Боков. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport